ПАНДЕМИЯ ЖАРИЯЛАНҒАН КЕЗІНДЕГІ КОЛЛЕДЖ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ МЕН АТА- АНАЛАРЫНА ПСИХОЛОГТАН АРНАЙЫ КЕҢЕСТЕР

Новости

Құрметті ата-аналар, карантин енгізілуіне байланысты, жанұяда психо-эмоционалдық күйі өзгеру мүмкін.
Өздеріңіздің және балаларыңыздың денсаулығын және қауіпсіздігін бақылауыңызды сұраймыз.
Отбасыларда атмосфераны тұрақты ұстап тұруға көмектесу мақсатында,  сіздерге  «Коронавирус туралы балалармен қалай сөйлесу керек» туралы ұсыныстар жібереміз.   Қазіргі кезде жасөспірімдер көп уақытты өздеріне жұмсайды, сондай-ақ олардың кейбіреулері, еркіндікте отырғандықтан, сіздер мұқият болу керексіздер және де балалардың әлеуметтік желілердегі қызығушылықтарын бір мезгіл тексерулеріңіз керек. Сіздің балаңыз алатын кейбір ақпараттар ағыны олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмеуі мүмкін. 
Сондықтан қадағалуыңыз сұраймыз.

Жасөспірімдік жас – адам өміріндегі күрделі кезең, ал коронавирус жұқпасы (COVID-19) оны одан бетер күрделі етеді. Колледждердің жабылуына және іс-шаралардың өткізілмеуіне байланысты жасөспірімдер өмірлерінің балғын шағындағы көптеген маңызды оқиғалардан, соның ішінде, күнделікті достарымен көрісуден және колледжге барудан бас тартуға мәжбүр. Таралып бара жатқан сырқаттың кесірінен өмірлерінің үйреншікті барысы өзгеріп жатқан,әрі үрейге, түңілуге және оқшаулық сезіміне бой алдырған жасөспірімдер есте сақтағаны жөн: олар жалғыз емес.

1. Алаңдау – толығымен қалыпты реакция екенін мойындаңыздар

Егер сіздерді колледждің  жабылуы және үрей ұялататын жаңалықтар алаңдатса, біле жүріңіздер, сіздер жалғыз емессіздер. Шындығында дәл осындай эмоцияларды бастан кешіру қажет. Психологтар бұрыннан біледі, үрей сезімі – бізге қауіп-қатер туралы ескертетін және қорғануға шара қолдануға көмектесетін қалыпты және дұрыс реакция. Алаңдау сіздерге  нақты бір сәтте жалғыз дұрыс шешімді қабылдауға көмектеседі, мысалы, басқа  бөтен адамдармен да уақыт өткізбеу, қол жуу және бетті қолмен ұстамау». Осындай сезімдер өздеріңізді ғана емес, өзгелерді де қорғауға көмектеседі. «Біз осылайша қоғамның басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетеміз». Бізді қоршаған адамдарды да естен шығармаймыз.

COVID-19 айналасындағы жағдайға қатысты алаңдаушылық әбден түсінікті болғанымен, ақпаратты «… сенімді көздерден алатындарыңызға көз жеткізіңіздер немесе басқа, бәлкім, соншалық сенімді емес дереккөздерден алған кез-келген ақпаратты тексеріңіздер», Есте сақтаңыздар, COVID-19 тудыратын сырқат әдетте, әсіресе, балаларда және жастарда жеңіл түрде өтеді. Сондай-ақ, көптеген COVID-19 симптомдарын емдеуге болатынын естен шығармау маңызды. Жасөспірімдерге өздерін нашар сезінгенде немесе вирусқа қатысты алаңдағанда, ересектерден көмек алу үшін ата-анасына немесе өзге ересек адамға айтуға кеңес береді. Әрі, есте сақтаңыздар: өздеріңізді айналадағылардан қорғаудан және жағдай бақылауда екеніне сенімді болудың көптеген тиімді тәсілдері бар. Оларға келесілер жатады: жиі қол жуу, бетті қолмен ұстамау және адамдардан алшақ жүру.

2. Көңілді басқаға аудару әдістері

Психологтарға мәлім, ұзаққа созылатын өмірлік қиын жағдайға түскенде, мәселені екі санатқа бөлудің пайдасы мол: біріншісіне мәселені шешу үшін қолымыздан келетін істер, ал екіншісіне біздің бақылауымыздан тыс құбылыстар жатады. Қазір көбісі екінші санатқа түседі, бұл – қалыпты жайт. Бірақ, мәселені шешуге көмектесе алатын әдіс бар – көңілді басқаға бұру әдісі. Күнделікті өмірде сабырға келу және тепе-теңдікке жету үшін келесі тәсілдерді ұсынады: үй шаруасымен айналысу, сүйікті фильмді көру немесе төсекте жатып роман оқу.

3. Достармен байланыста болудың жаңа жолдарын табыңыздар

Егер әлеуметтік алшақтық әдісін қолдана отырып, достарыңызбен бірге уақыт өткізгілеріңіз келсе, әлеуметтік желілер – керемет байланыс тәсілі. Шығармашылық қабілеттеріңізді паш етіңіздер. Олар бір - бірімен Ғаламторда араласу үшін бұрын пайдаланған әдістерінен өзгеше болатын жаңа тәсілдерді табады.

Алайда үнемі монитор алдында немесе әлеуметтік желілерде отыра беру – жақсы шешім емес. Бұл денсаулыққа зиян, тиімсіз және үрей сезімін өршіте түсуі мүмкін. Жасөспірімдерге ата-аналарымен бірге отырып, компьютер алдында өткізетін уақыт кестесін жасауға керек.

4. Өздеріңізге көңіл бөліңіздер

Жаңа бір істі үйренгілеріңіз келіп пе еді? Жаңа кітап оқығыларыңыз келе ме? Әлде музыкалық аспапта ойнап көргілеріңіз келе ме? Қазір – ең қолайлы уақыт. Өздеріңізге көңіл бөлу және пайда болған бос уақытты өздеріңізге пайдалы етіп өткізу жолдарын іздеу – психикалық денсаулықтарыңыздың қамын ойлаудың жемісті жолы. Осындай жағдайларда мен оқығым келген кітаптардың және тындырғым келген істердің тізімін жасау керек.

5. Сезімдеріңізді толығымен сезініңіздер

Адам достарымен бірге түрлі шараларға қатыса алмаса, сүйікті ісімен айналыса алмаса немесе спорт сайыстарына бара алмаса, қатты түңіліп кетеді. Бұл – жасөспірімдердің көңілін шынымен ауқымды тауқымет. Түңілуді жеңудің үздік тәсілі қандай? Өздеріңізге түңілу сезімін толығымен сезініп көрінуге етіңіздер. Жанға жара салатын уайым сөз болғанда, жағдайдан шығар жалғыз жол – сол эмоцияны толығымен сезіну. Егер мұңайып тұрсаңыздар, өздеріңізге мұңаюға рұқсат беріңіздер, сонда өздеріңізді тезірек жақсы сезінетін боласыздар. Әр адам эмоцияларын әрқалай басқарады. Кейбір балалар өнерге бет бұруы мүмкін, басқалары достарымен сөйлесіп,мұңын шаққысы келуі мүмкін, сонда бетпе-бет тілдесу мүмкін болмаған кездерде ортақтастық және бірлік сезімі туады. Ал өзгелері азық-түлік қорын толтырғысы келеді. Маңыздысы, өздеріңізді жақсы сезінуге көмектесетін істермен айналысу қажет.

6. Өздеріңізге және өзгелерге мейірімді болыңыздар

Кейбір жасөспірімдер коронавирус жұқпасына байланысты колледжде қудалауға және зорлық-зомбылыққа тап болады. Осындай куә болғандардың белсенді ұстанымы - кез-келген қудалау түрін жеңудің үздік тәсілі. Қудалау нысанына айналған балалар мен жасөспірімдер жәбірлеушілеріне қарсылық көрсетеді деп күтпеген жөн; керісінше, сондай достарынан немесе ересектерден көмек пен қолдау сұрауға ынталандыру қажет. Егер әлдекімнің балаларыңа жәбір көрсеткеніне куә болсаңыздар, онымен сөйлесіп, қолдау көрсетуге тырысыңыздар. Әрекетсіздік адамды бүкіл әлем оған қарсы шықты және ешкімнің шаруасы жоқ деп ойлауға мәжбүрлейді. Сіздердің сөздеріңіз жағдайды жақсы жағына қарай өзгертуге көмектеседі.