Саналы ұрпақ-жарқын болашақ

Новости

Бүгін 30шы қазан 2020 жылы Еуразия аграрлық колледжінде сағат 12-00де онлайн ZOOM арқылы «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ » клубының жетекшісі мен мүшелерінің арасында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсатымыз: Өскелең ұрпаққа болшаққа бағдар беретін, білімді, саналы, еліне адал қызмет ететін, патриоттық сезімі жоғары тұлға тәрбиелеу.

Елімізде болып жатқан індетке қарамастан біздің колледжіміз саналы ұрпақ клубы жұмыс жасауда. Біздің колледжімізде саналы ұрпақ клубында 80нен астам мүшесі бар. Барлығы қыркүйек айында ант қабылдап өтті. «Ел болуға өзінің тілі, діні, салты мен әдебиеті-мәдениеті бар ел ғана тұғырлы бола алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз.» -деген екен А.Байтұрсынұлы атамыз. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымды түрде еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға өзгенің пікірін тыңдап, бірін- бірі құрметтеп, өз тілінде құлаштай еркін сөйлейтін саналы ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі ел еншісі болып отыр. Сол саналы ұрпақтың жарқын болашағын жасампаз ету үшін біз білімді азаматтардың ең негізгі парасаттарын міндеттеуіміз қажет. Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктейтін кезеңде қолға алар ісіміздің бірі-бүгінгі жас буын өкілі. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз егесін алып, өзінің дербес мемлекеттігін қалыптастыруда. Болашақ еліміздің ұрпаққа деген сабақтастығынан туындайтын дүние болғандықтан әр халықтың болашағы саналы ұрпаққа тәуелді екендігі даусыз мәселе.

 

Отан деген – Ұлы сөз,

Мен Отанды сүйемін.

Ойымда ылғи жүретін

Қастерлім деп білемін.

Отаным деп тақпақ-ән,

Жастайымнан жаттағам.

Мен патриот боламын,

Қазағым деп мақтанам!

Қазіргі кезде «Жастар-еліміздің жарқын болашағы» деген қанатты сөздерді жиі айтамыз, ал сол жастардың  болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры болса,  соған дәнекер өзіміздің бүгінгі қызметіміздің қалай атқарылып жатқаны, қоғамға қандай үлес қосып жүргенімізге тікелей байланысты.  Міне, «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбындағы ойтүйінді жалпы ел жастарына бағыттаймын! Жас күш, жас толқын болып толқып, ана тілінде сайрап, өзге тілді меңгеру арқылы болашақ елдің кемел келешегін биіктерден көруге үлес қосайық, саналы ұрпақ...!